Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында бесем туды деген ақпарат өтірік болып шықты

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2019
  • 2478

Айтпақшы, Түркістан облысында бесем туды деген ақпарат өтірік болып шықты. Жергілікті Денсаулық сақтау басқармасы демде тарап кеткен ақпарды жоққа шығарды. Кейбір танымал адамдар анық-қанығына жетпей жатып, желіде «сүйіншілеп» кеткен еді. Ал, Қазақстанда халық санағы 2020 жылы өтеді. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлайды. Халық санағы кемінде он жылда бір рет жүргізіледі. Елде оған дайындық 2017 жылы басталып кеткен. Халықаралық әдістеме бойынша, санақ жүргізу үшін ең қолайлы мерзім - тұрғындар мобильділігі ең төмен кезең күзгі-қысқы маусым. Бұдан бұрын санақ биыл қазан айында өтетіні айтылған-ды. «Жаңа қаулыға сәйкес енді оны 2020 жылы 5 ақпан мен 5 наурыз аралығында өткізу жоспарланып отыр,- деп хабарлайды Статитистика комитеті. Еске салсақ, соңғы рет халық санағы 2009 жылы өтті. Оған бюджеттен бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін, сол кездегі комитет басшысы Анар Мешімбаева сотталған болатын.  

М. Дюсекина