Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстаулық делегаттар тізімі нақтыланды

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2019
  • 1888

Ал, «Нұр Отан» партиясының Астанада өтетін съезіне Маңғыстау облысынан 40 делегат қатысады. Олардың қатарында мұғалімдер мен дәрігерлер де бар. Қатысушылар құрамы бүгін партияның облыстық филиалындағы кезектен тыс 20-шы конференциясында белгілі болды. Жиында Жолдауды жүзеге асыру барысы кеңінен талқыланды. Мамандардың дерегінше, жыл басталғалы бері нұротандықтар ауқымды екі жобаны іске асырған. Осылайша жастарға кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгертіп, білім беру саласында озық тәжірибе алмасу қолға алынды.  

Есберген ІҢІРБАЙҰЛЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

«Нұр Отан» партиясы осы Жолдаудың негізінде үлкен, ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Солардың бір парасы мынау мүгедектерге қамқорлық жасау, жастарды үймен қамтамасыз ету, жалпы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету өте қабырғадан қойылып, осы мәселеге біз бақылауды да күшейттік.

Е. Карин