Русский Сайттың толық нұсқасы

Аутизм дертіне шалдыққан балаларға арнайы инклюзивті сыныптар ашылды

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2019
  • 3094

Республикада түрлі санаттағы науқас балаларға арнап 20 мектепте инклюзивті оқыту кабинеттері ашылды. Онда аутизм дертіне шалдыққан балалар өзге оқушылармен бірге білім алады. Оқу кестесінен қалған жағдайда инклюзивтік оқыту кабинеттерде жеке жаттығады. Оларға сабақ барынша жеңіл түрде түсіндіріледі. Оқушылармен логопед, психолог секілді мамандар жұмыс істейді. Бұл «Нұр Отан» партиясы мен «Болашақ» корпоративтік қоры бірлесіп атқарған жоба. Анардың үш баласы бар. 9 жасар ұлы Алдияр аутизмге шалдыққан. Қыркүйек айында 1-сыныпқа барды. 6 ай ішінде жақсы нәтиже де байқалған.  

Анар ӘШІРБЕКОВА, АЛДИЯРДЫҢ АНАСЫ:  

Біздің жағдайымыз жақсарып келеді, балам оқи бастады, санай алады. Бірінші сыныпта өтетін барлық ортақ білімді еркін алып кетті. Бұл әрине қуантады. Егер, үлгерімі қалып бара жатса, инклюзивті кабинеттердің көмегі көп.

Астанада мұндай 5 мың ерекше балалар бар. Оларға арнап 70-ке жуық орталық жұмыс істеп тұр. Бұл Астанада ашылған 5-ші инклюзивті оқыту сыныбы. Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап партияның «Кедергісіз келешек» жобасы жұмыс істейді.  

У. Қабылтай