Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте «Өмір сапасын ұзарту орталығы» ашылады

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2019
  • 2342

Шымкентте «Өмір сапасын ұзарту орталығы» ашылатын болады. Орталық «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында жүзеге асады. Жоба зейнеткерлер мен әлеуметтік осал топтағы адамдарға қолдауды күшейтуді көздейді. Сондай-ақ, онда мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығын нығайтуға да жағдай жасалады. Бұл туралы бүгін партияның Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясында айтылды. Осы жиында «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелері талқыланды. Сондай-ақ, ұсыныстар ортаға салынды. Соның бірі - жастарды қолдау. 

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Жастарды жұмысқа орналастыру, әлемдік білім беру мүмкіндігіне қол жеткізу. Жастардың бизнес бастамаларымен стартаптарын дамыту жөнінде бағдарламаларды жүзеге асыруға қол жеткізу, ипотекалық несиелеу бойынша бастапқы жарнаны субсидиялау тетіктерін енгізу. Жастардың шығармашылық, өзін өзі дамыту жан -жақты қолдайтын боламыз. Партияның жастар кадрлық резервін қалыптастыру көзделіп отыр.

А. Төребекқызы