Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде жаңа көлікке сұраныс артты

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2019
  • 2979

Елде жаңа көлікке сұраныс артты. Қазақстандықтар тек қаңтар айында 40 миллиард теңгеге көлік сатып алған. Ақпаратты Қазавтопром Одағына сілтеме жасаған «ЛС» порталы хабарлады. 40 миллиард теңгеге 4 мың 300 су жаңа көлік сатылған. Оның көбі, яғни, 53,5 пайызы Қазақстан автозауыттарынан шығарылған. Ол 2 мың 300 автомобиль. Ресей, Жапония, Корея шығаратын бренд көліктерге сұраныс жоғары. Жеңіл көліктерді негізінен алматылықтар сатып алған. Сұраныс үштігіне Астана мен Атырау да кіреді. Қаңтардағы экономикалық өсімнің 3 пайызға артуы көлікке сұранысты арттырған. Қазавтопром одағының басшысы Олег Алферовтың айтуынша, қазақстандықтар темір тұлпарды ақшаларын сақтау үшін алатын көрінеді. Ал, Үкімет жеңілдетілген несие қаржысын ұлғайтып, «7-20-25» бағдарламасын қосатын болса, сұраныс бұдан да жоғары болмақ.  

Г. Меңдеева