Русский Сайттың толық нұсқасы

Көп балалы аналар мемлекеттік жәрдемақыны ЖСН арқылы алуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2019
  • 2970

Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы Жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы берілуі мүмкін. «Нұр Отан» партиясы Үкіметке осындай ұсыныс жолдады. Мұндай қадам жағдайы төмен, нақ сол қалада тіркеуі жоқ отбасылардың жәрдемақы алуын жеңілдетеді дейді. Сондай-ақ, партия жанынан құрылған «Балалар құқығын қорғау кеңесі» елдегі көп балалы және жағдайы төмен отбасылардың нақты санын анықтап, қандай көмек керегін анықтауды бастап кетті.  

Динара ЗАКИЕВА, «НҰР ОТАН»ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Ауылдан бастап ірі қалаға дейін республикалық қоғамдық қабылдау орындарында арнайы «әлеуметтік навигаторды» құрамыз. Көмекке зәру әрбір отбасына жіті бақылап, проблемасын шешуге барымызды саламыз. Оларға тек кеңес беріп қана қоймай, қол ұшын созған бизнес серіктестеріміз және мемлекеттік органдар арқылы жүйелі көмек көрсететін боламыз.  

Ал, Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова еліміздің әрбір өңірінде «әлеуметтік карта» құруды ұсынды. Оған тіркелген көмекке мұқтаж әр отбасы мемлекеттің жіті бақылауында болмақ.  

Зауреш АМАНЖОЛОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТі МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Жыл сайын аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында 365 млрд теңге бөлініп отырады. Біз арнайы «әлеуметтік картаны» құратын болсақ, оларға уақытылы көмек көрсете алатын боламыз.  

Ә. Өмірзақ