Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран революциясына 40 жыл. Елшімен сұхбат

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2019
  • 3624

Осы аптада Иран революциясына 40 жыл толды. Тілшіміз Анар Сүйімбаева Иран Ислам республикасының біздің мемлекетіміздегі төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабермен сұхбаттасқан. Қысқаша үзінді:  

Маджид САМАДЗАДЕ САБЕР, ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

- Санкциялардың салдарын барынша азайту мақсатында Иран кейбір ірі мемлекеттермен және көршілес елдермен келісімдерге қол жеткізді. Оған сәйкес арада доллар қолданылмайды, сауда-саттық өзінің ұлттық валютасында жүргізіледі. Қазіргі уақытта Иран ұлттық валютаға негізделген төлем механизмін әзірледі және іс жүзінде доллар пайдаланылмайды.  

- Бұл механизм туралы толығырақ айтып берсеңіз. Ол жайында неміс БАҚ өкілдері жазған болатын. Іс жүзінде бұл мехнизм қашаннан бастап іске асады?  

- Еуропалық Одақпен төлемнің бұл мехнизмі алғашқы қадамдардың бірі ғана. Ол басқа елдер үшін үлгі бола алады. Мен бұл механизмнің нақты енгізілу күнін білмеймін, бірақ ол жақында жүзеге асады. Қазіргі уақытта оны іске қосу жұмыстары жүргізілуде. 

- Кейбір БАҚ құралдары Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайына наразы халықты жазған болатын. Иран Венесуэланың күйін кешуі мүмкін бе? 

- Иранды өзге елдермен теңестіруге келмейді. Бізде көтеріліс пен құлдырау да болды, бірақ біз әрдайым қиындықтарды жеңіп келеміз. Рас, шын мәнінде кейбір өнімдердердің бағасы көтерілді. Біржақты санкциялардың салдарынан. Біз делдалдар арқылы сатып алып жатырмыз, сол себепті олардың құны өсіп отыр. Алайда соңғы 40 жылда біз қажетті тауарлардың басым көпшілігін ел ішінде өндіретін болдық. Кей салада өзімізді 90% қамтамасыз ететіндей де жағдайға жеттік. Дегенмен біз импорттайтын тауарларға баға өсті. 

Иранда адамдар наразылық білдіруге құқылы... Бұл наразылық шаралары бұқаралық ақпарат құралдары, радио, теледидар арқылы көрсетіліп жатады. Наразылық білдіру мен сын айту - Ислам республикасы ретінде қол жеткізген халықтың құқығы. Әрбір қысым жасаған кезде, халықтың бірлігі тек нығая түскен болатын.

- Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иран Израильге қауіп төндіреді деп жиі айтады. Неге? 

- Израиль премьер-министрінің Иранға қарсы айып тағып отырғаны бірінші рет емес. Израильдің өзі Таяу Шығыстағы үлкен проблемалардың бірі болып табылады. Иран қалыптасқан жағдайды жақсартуға ниетті ел, ол үшін көп жыл бұрын ұсныс та енгізген. Және ол демократиялық бастама. Біз босқындар, палестиндіктер өз үйлеріне оралуы керек деп есептейміз. Палестинаның нағыз тұрғындары арасында референдум өткізіліп, халықтыың өзі қалаған жоспарлары жүзеге асқанын қалаймыз. Сол кезде өңірдегі проблемаларды шешуге қандай ел кедергі болып отырғанын анық білетін боламыз. Мен әлем халықтарын және Қазақстан халқын Иранның ұсынысы мен бастамасын мұқият зерттеуге, өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты іздеуде кімнің дұрыс бағыт ұсынып, қай елдің шынайы және достық ниетте екенін анықтауға шақырамын. 

- Болашақта сіздің ел Қазақстанмен ынтымақтасты қай салада тереңдетуді жоспарлап отыр? 

- Әлемдік экономиканың болашағы туризммен анықталады. Қазақстан - табиғи және тарихи орындарымен ерекшеленетін өте әдемі ел, Иран да көптеген көрнекті жерлерге ие тарихи мемлекет. Бір біріне туристерді тарту арқылы Иран мен Қазақстан туристік қатынасты дамыта алады. Біз туристер санын көбейту үшін қажетті шараларды қабылдауға дайынбыз, атап айтқанда, виза беру бойынша жеңілдіктер ұсыну