Биыл Павлодар облысында 12 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 4 есеге көп. Себебі, Білім туралы заңның жаңа ережесіне сәйкес алдағы оқу жылында балалар мектепке 6 жастан барады. Бұл жаңашылдыққа оқушылар дайын ба? Мәселенің мәнісін тілшіміз анықтап көрді.
Михаил Молотков - 6 жаста. Ойын баласы әзірге мектептің не екенін түсінбейді. Бірақ, оған биылғы жылдан қалмай 1-сыныпқа бару керек. Жаңа ереже осындай. Мұны естіген ата-анадан маза қашқан. Себебі, әлі оң-солын тани қоймаған баласы мектепке баруға дайын емес.
Елена ФЕЛЬКЕР, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Балам балабақшадағы даярлық тобының білімін қабылдауға шамасы келмейді. Ал, олар бізге 3 айлық дайындық курсын ұйымдастырмақ. Біз бұдан білімді боп кетпейміз. Өйткені, балалар психологиялық, эмоционалды тұрғыдан еш дайын емес.
Анасы баласының мектепке барады дегеніне сенбейді. Өйткені, балабақша жасындағы балғын үйде жалғыз қалудан қорқады. Мектепке барғаннан кейін Михаил түстен кейін үйде жалғыз қалуы керек. Себебі, ата-анасы жұмыста.
Елена ФЕЛЬКЕР, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Көптеген ата-ана қазіргі болып жатқан қайғылы оқиғалардан қорқады. Өйткені, үйде жалғыз қалдыру қауіпті. Оған қоса, бұл балалар әлі мектеп жасына лайық емес.
Ал, балабақша тәрбиешілері бір жаста үлкен айырмашылық бар екендігін айтады. Себебі, оларға оқу басталысымен үлкен көлемдегі мәтіндер беріледі. «Ал, 1-сынапқа барған балалардың басым көпшілігі оқи білмейді», - деп отыр.
Наталья АЛЕКСЕЕВА, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ:
Мәтіндерді оқыту үшін ата-аналарға салмақ түседі. Сондықтан, олар балаларын дайындайтын орталықтардың қызметін іздейді. Өйткені, кейбір баланың тілі дұрыс шықпаған. Сол себепті логопед маманның көмегі керек. Бұл отбасы үшін үлкен шығын.
Білім басқармасындағылар бұл әлемдік тәжірибеде бар үрдіс екендігін алға тартуда. «Сондықтан, бұған ата-аналардың алаңдауына негіз жоқ», - дейді.
Жомарт ҚАРАМБАЕВ, БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРАМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мектептерде мектепке дейінгі дайындық жұмысы жыл бойы жүргізіліп келе жатыр. Сондықтан, бұл әрине ескеріледі. Қосымша егер сұраныс болса, ата-аналардан жазғы айлар кезінде қазірден бастап әр мектептке дейінгі ұйымда және мектептерде көмек ретінде балаларды мектепке дайындау курстары ашылып, жүргізіледі.
Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:
Қазіргі таңда Павлодар облысында 6 мен 7 жас аралығындағы 10 мыңға жуық бала бар. Бұлар тек ресми органдарға тікеркелгені ғана. Сондықтан, білім беру басқармасы биыл 12 мың бала мектеп табалдырығын аттайды деп болжап отыр. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда, 4 есеге артық көрсеткіш.
Ө. Қуанар