Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында көлігіне жарылғыш заттар тиеген көлік тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2019
  • 4911

Жамбыл облысында көлігіне жарылғыш заттар тиеген көлік тоқтатылды. Тәртіп сақшылары 38 жастағы Мойынқұм ауылы азаматының автомобилін тас жолдың бойында тоқтатқан. «Тойота Ландкрузер» автокөлігін тексере келе «Амонит» жарылғыш заты бар 15 пакет, 17 капсула және 6 сым орамасын тәркілепті. Жарылғыш заттарының жалпы салмағы 100 келіден асады.  

«Ландкрузер» маркалы автокөлігінің жүк салғышынан мөрленген жарылғыш зат, екі қалтаға бөлектеніп, аузы байланған. 

Көлік иесі тәртіп сақшыларына тәркіленген заттарды тауып алдым деп ақталған. Күдікті кейін кінәсін толық мойындап, ол «олжасын» құрамында алтыны бар кен орындарына апармақ болғанын айтқан. Топырақтан алтынды айыру үшін жарылыс жасаймын деп жоспарлапты. Қалай болғанғада да ол енді жарылғыш заттарды тасымалдағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.  

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Аталған дерек бойынша сот-жарылғыш техникалық сараптамасы тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол дегеніміз қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру.

Д. Әлімқұл