Русский Сайттың толық нұсқасы

ЖОО студенттеріне тегін ІТ сыныптарын ашу ұсынылды

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2019
  • 2788

Биоинформатика және сандық журналистика ақпараттық дәуірге таптырмас мамандықтар. Бұл жайлы бүгінгі «Нұр Отан» партиясының «Балаларға тегін ІТсыныбы» жобасына қатысушылар онлайн конференцияда айтты. Жиын спикерлері ретінде шетелде жұмыс істейтін қазақстандық жас ғалымдар сөз алды. Елдегі 80 ЖОО-да 33 мың айти маман оқытылып жатыр. Мамандар сапалы маман дайындау мәселесі әлі де өткір тұрғанын айтады.  

Дамир ШЫНЫБЕКОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:  

Қазір информатика мұғалімін ғана даярлау емес, информатика және робототехника мамандарын жеке оқыту сұранысы бар. Осы бағытта қазір нақты жұмыстар жасалды. Осыған дейін 11-ге жуық информациялық технология маманы болса, қазір 40-қа жуығы ашылды. Оның ішінде пәнаралық мамандар да бар. Журналистикадан бастап, медицинаға дейін. Қазір біз Асфендияров атындағы медицина университетімен бірлесіп, биоинформатиканы енгізуді қарастырып жатырмыз.

Шыныбеков мектептерде тегін ІТ сыныптарын ашуды қолдайтынын айтып отыр. «Пәннің кіріспесін білетін талапкер ертең ІТ салада адаспайды»,- дейді. Аталмыш университет партия жобасы аясында Алматыда 15 зертханалық сыныптарын ашып үлгерген. Қазақстан бойынша барлығы 900 ға жуық тегін ІТ сыныптары жұмыс істеп тұр. Олар 8 бен 16 жас аралығындағы оқушыларды оқытады. 

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Бізде 3 сайын аймақтардан айти салада жаңа мамандық алған азаматтар шығып жатыр. Жақсы мысал ретінде» Ютарияны», Қостанайдағы «Аллюр автоның» базасында құрылған айти орталықты келтірсек болады. Бұл нәтижелер барлық саладағы жұмыстың жақсаруына, азаматтардың ақпарат технологиядағы білімінің жетілуіне септігін тигізеді.

У. Қабылтай