Қызылорда облысында табиғаттың тосын мінез танытуынан мал қырылып қалды. Төтенше жағдай мамандары 300 бас ұсақ мал өлгенін xабарлады. Ақпан айының басында Жаңақорған ауданының шопандары күн көзі күрт жылынып кетуіне байланысты малдарын таулы жерге көшірген. Алайда, жылымық күннің арты қарға ұласып, аяз күшейген. Метеоролог мамандардың ескертуін елемеген шопандар 1 жарым бас малын далада қалдырады. Малшылардың есебінше, 300-ден астам қой қырылған. Қар астынан шамамен 80-ге жуық малдың өлексесі шықты. Қазір ауданда арнайы комиссия құрылды.
Жандос ҚАЙЫПОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Жаңақорған ауданы әкімі аппаратынан Қарасиыр учаскесінде уақ мал қар аралас жаңбыр жауған салдарынан суыққа төзбей, өлгендігі жөнінде ақпарат түсті. Түскен ақпарат бойынша Жаңақорған ауданы әкімінің өкімімен жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топ құрамында төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері және қосымша Оңтүстік өңірлік аэромобилді жедел құтқару жасағынан 10 қызметкері, 3 бірлік техника басына жіберілді.
Д. Әлімқұл