Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2019
  • 3468

Үкімет отставкаға кетуі тиіс. Президент осындай мәлімдеме жасады. Нұрсұлтан Назарбаев: «Билікке келетіндер өмір сапасын жақсартып, экономиканы ынталандыруы тиіс және стратегиялық тапсырмаларды жүзеге асыруы қажет»,- деді. Президент осы күнге дейін елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақты болғанын айта келіп, оған тоқмейілсуге болмайтынын ескертті. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарлары құрылымдық реформаны жылдам жүргізуге бағытталған еді. Бірақ, қаншама заң қабылданып, Үкімет пен Ұлттық банк шешім жасап жатса да экономиканың көптеген саласында оң өзгеріс байқалған жоқ. Жалпы ішкі өнім негізінен шикізат ресурстарының есебінен өсіп отырды», - деді Президент.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Я неоднократно поручал, чтобы доходы и качество жизни населения стали основным приоритетом каждого члена Правительства и каждого акима. Два года назад мы провели конституционную реформу, и Правительство вместе с акимами получили все необходимые полномочия и независимость, чтобы решать социально-экономические вопросы и отвечать за это. Приняты все необходимые государственные программы, в том числе, индустриальная, социальная, развития инфраструктуры, здравоохранения и образования. Выделены необходимые ресурсы для их осуществления. Однако системная работа так и не была выстроена. Реальные доходы населения не увеличиваются. Доля расходов на продукты питания в бюджете семей растет.

Мемлекет басшысы 27 ақпанда болатын «Нұр Отан» партиясының съезінде әлеуметтік көмекті күшейту, қазақстандықтар өмірін сапалы ету үшін бірқатар ұсыныстар жасамақ. Ол үшін бюджеттен және Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлінбек. Ол әлеуметтік әлжуаз топтарды тұрғын үймен қамтуға, көпбалалы отбасыларды қолдауға және аймақтарды дамыту саясатын өзгертуге жұмсалатын болады.   

Д. Қайыртай