Русский Сайттың толық нұсқасы

Балабақша директоры 37 мың теңге айыппұл төлейді

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2019
  • 4156

Ақтауда тәрбиешімен төбелескен балабақша директоры 37 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Сот осындай шешім шығарды. Жекеменшік мекеменің басшысы қызметкерінің денсаулығына жеңіл зақым келтіргені дәлелденген. Ол да тәрбиешіге шағымданған. Бірақ, іс тоқтатылыпты. Балабақша жетекшісі сот шешімін дауламайтынын айтты. 

Гүлжанат МҰРАТБАЙ, ЖЕКЕ БАЛАБАҚШАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Әрине, мен одан басымды тартпаймын, штрафты төлеймін. Оны аппеляцияға беріп, артынан қуынып жүруге ешқандай да уақытым жоқ. Себебі, мен осы күнге дейін өзімнің кәсібімді дамытуға, өз-өзімді дамытуға және басқа да жақсы нәрселерге арнап келем. Ондай дау-жанжалмен менің басым кездесіп көрген жоқ. Осы бірінші рет болып жатыр.

Естеріңізге салайық, директор мен тәрбиеші өткен аптада жанжалдасып қалған еді. Бір болжамға сенсек, төбелес асханада түсірілген видеодан кейін шыққан. Тағы бір нұсқа бойынша, тәрбиешінің бүлдіршін аузына аяқ киім тыққаны себеп болыпты. Осы жағдайдан кейін ата-аналар мекеме басшысынан ақшаларын қайтаруды талап еткен. Бірақ, директор ешқайсысы әлі арыз түсірмегенін айтты.  

Д. Қайыртай