Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nauryz_challenge» акциясы аясында нұротандықтар көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2019
  • 2623

Ел көлемінде жарияланған «Nauryz_challenge» мейірімділік акциясының жылуын оралдықтар да сезіне бастады. Бүгін нұротандықтар көпбалалы Айжамал Ерболоваға көмек көрсетті. Айжамал бір апта бұрын «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көмек сұрай барған. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Балалардың анасы үйде отырады. Ал, отағасының табысы күнделікті қажеттілікке бірде жетсе, бірде жетпейтін көрінеді. Қалалық мәслихат депутаттары қол ұшын созып, жеткіншектерге жылы киімдер мен азық-түлік әкелді. Партия өкілдерінің сөзінше, тұрмысы төмен отбасылар үшін баспана мәселесі бірінші кезекте тұр.  

Айжамал ЕРБОЛОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: 

14 жыл болды квартирде тұрып келеміз. Кейде біреулердің үйі салқын болады, кейде үйлері жылы болады. Балалардың кейде бабы табылмай жатады. Бүгін балаларға киім әкелді, аяқтарына етік әкелді. Аздап болса да тамақ алып келді. Соның бәріне көп-көп рахмет айтамын.

Айман СҮНДЕТҚАЛИЕВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Күнделікті Орал қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына 10-15 адам жолығуда. Қазіргі уақытта әлеуметтік карта жасақталып жатыр. Онда 70-тен астам көмекке мұқтаж әйел адам тіркеуде тұр. «Нұр Отан» партиясы осындай аз қамтылған отбасыларды және көпбалалы аналарды назарда ұстап, көмегін көрсетуде.

Е. Карин