Русский Сайттың толық нұсқасы

Экс-премьер Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің оставкаға кетуіне байланысты арнайы мәлімдеме жасады

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2019
  • 2641

Ал, бүгін экс-премьер Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің оставкаға кетуіне байланысты арнайы мәлімдеме жасады. 2,5 жыл Үкіметті басқаруға сенім білдірген Президентке алғыс айтты. Ол жас мемлекетті түрлі қайшылықтар мен қақтығыстардан аман алып өтіп, тым қысқа уақытта осындай абыройлы елге айналдырған Президент құрметке лайық екенін атап өтті.

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ЭКС-ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ:  

Елбасы - еліміздің сан мың жылдық тарихындағы ең жауапты кезеңде халқымыздың бағына берген ұлы да жасампаз тұлғасы. Сол себепті, халқымыз баянды бүгіні мен жарқын болашағын тек қана Елбасының есімімен байланыстырады. Өткен екі жарым жыл бойы Үкімет тізгінін тапсырып, жоғары сенім білдіргені үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы алғысымды білдіремін.

М. Дюсекина