Русский Сайттың толық нұсқасы

Швеция ДАИШ сапында соғысқан азаматтарды елге қабылдаудан бас тартты

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2019
  • 2422

Швеция ДАИШ сапында соғысқан азаматтарды елге қабылдаудан бас тартты. Олардың Сирияда жүргенде туған балаларына қатысты қандай шешім қабылданатыны әзірге белгісіз. Ол туралы Швецияның премьер-министрі Стефан Левен мәлімдеді. Швеция үкіметі мен Сыртқы істер министрлігі 2011 жылдан бері ел азаматтарын Сириядан аластатуға барын салған. «Мұны елемегендер енді консулдық көмек күтпесін»,- дейді министр. Франция да тап осылай істеген болатын. Бірақ, олар француз әйелдер туған балаларды елге қабылдауға келісім берген. Еске салсақ, өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамп ДАИШ сапында соғысып, Америка түрмелеріне түскен 800-дей Еуропа азаматын елге кері әкетуге шақырған. «Әйтпесе, тұтқындар бостандыққа шығады»,- деді. Айта кетейік, қазір Сирия-Ирак аймағында 800-ге жуық қазақстандық бар. Оның 500-дейі кәмелетке толмаған балалар.  

Ә. Өмірзақ