Русский Сайттың толық нұсқасы

«Наурыз Challenge» акциясы жер-жерде жалғасып жатыр

  • AstanaTV
  • 25 ақпан 2019
  • 2992

«Наурыз Challenge» акциясы басталғалы Қызылордадағы оннан астам көпбалалы отбасына түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында белгілі болды. Төрт баланың анасы Әлия Бекбауова бір жарым айлық баласына квотамен Астанада шұғыл түрде екі ота жасату қажеттігін айтқан. Бірақ, соған барып қайтатын қаражат сұрап қоғамдық қабылдауға келген. Партияның белсенді мүшесі, кәсіпкер-меценат Нұрболат Ибраев, көпбалалы анаға 300 мың теңгені тауып берді.  

Әлия БЕКБАУОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Бұндай жағдай ешкімнің басына бермесін деймін. Қандай ана болса да өз баласы үшін шырылдайды ғой. Екі жағдайға операция болады. Сол 5 мартта Астанада болуымызды врачтар жазып берген квота бойынша. Қаражатым болмағаннан кейін келіп тұрмын. Көп рақмет деймін бүгін табыстап жатқандарына.

Өскемендік көпбалалы отбасы болса, аталған акция аясында «Восток-Молоко» корпорациясынан 100 мың теңгенің талонын алды. 6 баласы бар жалғызбасты Жанар Жешенова енді аталған кәсіпорынның сауда бөлімінен әр ай сайын тегін сүт өнімдерін алып отырады. Көпбалалы ана екі жерде жұмыс істеп жалдамалы пәтерде балаларын асырап отыр. Оның ендігі арманы - баспаналы болу. Партия белсенділері бұл мәлені шешу жолдарын қарастырмақшы.  

Майраш ЕКІБАСОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бізде Өскеменде кәсіпкерлер мен басқа меценаттар көп. Бүгін «Восток-Молоко» корпорациясы көмектессе, ертең басқа да қайырымды жандар табылып қалар. Өскемендік депутаттар да шет қалмайды деп ойлаймын. Барлығымыз бірігіп, алғашқы жарна ретінде пәтер бағасының 20 пайызын жинап берсек, қалғанын Жанар үй жалдауға жұмсайтын ақшасымен төлеп отырады.

А. Қуаш