Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда алкогольдік ішімдік құйылған отыз мыңнан астам бөтелке жойылды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2019
  • 10195

Қызылжарда отыз мыңнан аса алкогольдік ішімдіктің көзі жойылды. Заңсыз саудаланған тауарды құзырлы органдар жергілікті кәсіпкерлерден тәркілеген. 28 мыңға жуық сыра шөлмегінің жарамдылық мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. «Бүлінген тауар адамның ас қорыту жүйесіне кері әсер етеді»,- дейді мамандар. Ал, арақ пен шарап өнімдерінің тиісті құжаттары мен акциздік маркалары болмай шықты. Оның қайда өндірілгені де әзірге белгісіз. Контрафактілік жолмен саудаланып келген тауар ішіндегі сұйықтық кәріз жүйесіне төгілді. Айта кету керек, пластик және шыны құтылар жойылған жоқ. Жергілікті кәсіпорын шикізатты қайта өңдеп, кәдеге жаратпақшы.  

Далабай ҚАБДУӘЛИЕВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: 

Бүгінгі күнде 30 292 шөлмек алкогольдік өнімдерді жою бойынша шешім қабылданды. Оның 28 мыңы - сыра өнімдері, ал қалғаны - пластикалық бөтелкелерге құйылған ішімдік. ҚР аумағында пластикалық құтыларда сыра және басқа да алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынған.

А. Құрманкин