Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы 10 жылға арналған жаңа бағдарлама әзірледі

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2019
  • 5225

«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасының жобасы әзірленді. Ол ертең Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін партияның 18-ші съезінде қаралатын болады. Бүгін билік партиясының саяси кеңесінде бағдарлама жобасы мақұлданды. Ол «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» деп аталады. Партия төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, он бағыт та әлеуметтік салаға негізделген. Ол қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бағдарлама жобасы басауыш партия ұйымдарында, аймақтық және аумақтық партия филиалдарының конференцияларында талқыланды. Біздің ойымызша, құжат жаман емес. Онда алдағы жылдардағы саяси ұйымның басымдықтары айқындалған.

Бағдарламаның бірінші бағыты - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді. Онда бала күтімі үшін берілетін жәрдемақы көлемін қайта қарау ұсынылған. Яғни, ол әйел адамның соңғы жұмыс орнындағы еңбекақысының 50 пайызынан кем болмауы тиіс. Баспанамен қамту үшін басқа да қаржылай қолдау құралдарын қарау ұсынылмақ. Партиялықтар зейнетақыны да көтеру қажет деп отыр.   

Махметқали САРЫБЕКОВ, М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:  

Елбасы ол жобаның негізгі он стратегиялық бағыттарына тоқталып, партия басшылығына, одан кейін енді жаңадан сайланған Үкіметке нақты тапсырмалар береді деп күтілуде. XVIII съезд енді мынау, қазіргі кезде әл-ауқаттық қоғамды құруға, жалпы халықтың көзқарасын өзгертуге, әр адам осы қазақстандық қоғамда өзінің дұрыс орнын табуға съезд өзінің үлесін қосады деп ойлаймын.

Г. Меңдеева