Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараздағы жарылыстан қаза болғандардың отбасына 1 млн теңгеден берілмек

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2019
  • 2126

Прездиент Нұрсұлтан Назарбаев Таразда жарылыс кезінде қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Төтенше жағдайды тергеуге қатысты үкіметтік комиссия құрылды. Болжам бойынша жарылыс газ құбырынан шыққан ақаудан болуы мүмкін. Қайғылы жағдайдың жай-жапсарын білу үшін Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек өңірге аттанды. Оқиға орнынан Данияр Әлімқұл тарқатады.  

Жойқын жарылыс 9-шы шағын аудандағы 62-ші үйде болды. Қопарылыстың қатты болғаны соншалық бүтін бір подъезд қирап қалды. Үйінді астынан үш адамның денесі шығарылды. 1 ер адам мен 2 әйел тіл тартпай кетті. Тағы 6 адам ауруханаға жеткізілген.   

Марат ЖҰМАНҚҰЛОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ: 

Бала бар 14 жастағы. Облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір ота жасалап жатыр. Жағдайы өте ауыр алған жарақатына байланысты. Бір науқас №2 қалалық ауруханаға жатқызылды, оның диагнозы 2-3 дәрежелі күйік, 50 пайызға дейін. Оның жағдайы да ауыр. 3-ші зардап шеккен азамат №1 ауруханаға жатқызылды. Ол орташа жағдайда.

Алдын-ала болжам бойынша апат газ құбырынан шыққан ақаудан болуы мүмкін. 

Бекболат ОРЫНБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Үй 1980 жылы салынған, 90 пәтерлі үй. Алдын-ала болжам бойынша газды пайдалану ережесі бұзылған деген болжам енгізіліп отыр.

Ал, жарылыс дүмпуінен көрші үйлердің сыртқы сылағы түсіп, терезелері шағылып кеткен. Үйсіз қалғандарға уақытша баспана ретінде 20 пәтер бөлінді. Жақын маңдағы мектепте ыстық тамақ берілді. Ал, ойламаған жерде далада тұрғындар шу шығарды. 

Қалада жедел штаб құрылып, жұмыс жүргізіліп жатыр. Жағдай Президенттің тікелей бақылауында. Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек аймаққа арнайы келді.  

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Көмек көрсетіледі. Басқа кісілерге тұратын жер беріледі. Кешке дейін бәрі орналастырылады. Мына кісілердің көбі туыстартына кетті. Басқалары дайын үй бар сонда баратын болады.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ, ТІЛШІ: 

Қазір шығын көлемі анықталып жатыр. Осы оқиғаға байланысты облыстық қордан 200 млн теңге бөлінбек. Ал, қайғылы оқиғадан қаза болғандардың отбасыларына 1 млн теңгеден берілетін болды.

Д. Әлімқұл