Русский Сайттың толық нұсқасы

«Арқалық хабары» латын графикасында жазылған алғашқы газет

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2017
  • 3724

«Арқалық хабары» апталық газеті алғаш рет латынша жарық көрді. Басылымның бас  редакторы Қайрат Есмағамбетовтің айтуынша, тәжірибе ретінде газеттің бірінші бетін жаңа әріппен жазған. Басты мақсат - оқырманның пікірін білу. Жаңашылдықты қалың бұқара жақсы қабылдады. Өңір тұрғындарымен қатар өзге де облыстың оқырмандары ой-пікірін білдіріп, латын графикасын қолдайтынын жеткізді, - дейді редактор. Кириллицаны латын әріпіне бірден ауыстыратын арнайы бағдарламалар бар. Сондықтан басылымды жаңа әріппен таңбалау еш қиындық туғызбаған көрінеді.

Қайрат Есмағамбетов, «Арқалық хабары» газетінің бас редакторы:

Қазақстанның әр аймақтарынан түрлі хаттар, ой-пікірлер келіп түсті. Біз үшін бұл өте қуанышты жағдай. Пікір жазған адамдардың басым көпшілігі қолдау көрсетіп, халықты латын әріпіне көшуге шақырған.