Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық ауқаттылар Лондондағы жылжымайтын мүліктерді жиі сатып ала бастады-Риэлтор

  • AstanaTV
  • 28 ақпан 2019
  • 3006

Ал қазақ байлары Тұманды Альбионнан үй алуға асық. Лондондағы «Millbank Residences» деп аталатын бағалы тұрғын үй кешеніндегі баспаналардың 10 пайызын қазақстандық ауқаттылар сатып алған. Бұл туралы «Лондон Дом» деп аталатын жылжымайтын мүлікпен айналысатын компанияның өкілдері мәлімдеді. Біздің тілшілерге берген сұқбатында риэлторлар өткен жылы Ұлыбритания астанасына жайғасқан байлардың есімдерін атаудан бас тартты. Десе де отандық бизнесмендер элиталық баспаналарды өз отбасылары мен сол жақта білім алып жүрген балаларына сатып алатыны белгілі болды. 1Аталған тұрғын үй кешені Ұлыбритания Парламенті, Букингем Сарайы мен Патша саябағына өте жақын орналасқан»-, дейді баспана саудалаушылар. Жоғарыдағы компанияның өкілі Денис Клемчуктің айтуынша, қазақстандық дәулеттілер бір немесе 4 жатын бөлмесі бар орташа аппартаменттерге таңдау жасайды. Олар 1 млн. мен 44 млн. фунт-стерлинг арасында бағаланады.  

Денис КЛЕМЧУК, «ЛОНДОН ДОМ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:  

Біз жақында Лондондағы тарихи ғимараттардың бірін тұрғын үйге айналдырған құрылысшылармен жұмысты бастадық. Өткен аптадан бастап оны саудаға шығарды. Англиядан «Бекли Холмс» деп аталатын құрылыс кәсіпорны өкілдерін ала келдік. Қазір Алматы мен Астана қалаларында сатып алушылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Осы жылы тағы да барлық пәтерлердің 10 пайызын біздің отандастар сатып алады деген болжам бар.

Риэлторлық компания қазақстандық ауқаттыларға 85 пәтердің жобасын алып келіпті. Одан тыс қалтаға қатты салмақ салмайтын арзандау пәтерлер де таныстырылады. Ол жерде адамдардың ыңғайлығы үшін тәуліктік консьерж қызметі, спорттық дене шықтыру залдары, хауыздар, тіпті, кинотеатр да орналасқан деп қызықтырады.