Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық азаматтар үшін медицина қызметі қолжетімді әрі сапалы бола түседі - Кардиологиялық орталық директоры

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2019
  • 2986

Қазақстандық азаматтар үшін медицина қызметі қолжетімді әрі сапалы бола түседі. Қалалық кардиология орталығының директоры Алмат Қодасбаев осылай дейді. «Nur Otan» партиясының он сегізінші съезінде Елбасы денсаулық сақтау саласына тоқталып, сала мамандарына бірқатар тапсырма жүктеген. Айта кетейік, партия съезінде мемлекет басшысы медицина сапасын арттыруға 120 миллиард теңге бөлінетінін айтқан еді. «Қаржы талан-таражға түспей діттеген жеріне жетсе, ірі қалалардан алшақ ауылдардағы емханалар мен ауруханалардың жағдайы жақсарар еді», -дейді ол. 

Алмат ҚОДАСБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Көп профильді емханалар, ауруханалар салынады. Сол бөлінген қаражат арқылы жақсы салынған ғимараттарда Қазақстан азаматтары сапалы, қолжетімді медициналық қызметке жүгіне алады.

О. Нұржақып