Русский Сайттың толық нұсқасы

Университет түлектері «Цифрлық жаз» бағдарламасы арқылы «Самұрық-Қазынаға» қарасты компанияларға жұмысқа тұрады

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2019
  • 3281

Елдегі жоғары оқу орындарының түлектері «Жас Өркен» және «Цифрлық жаз» бағдарламалары арқылы компаниялар тобына жұмысқа тұра алады. Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов: ««Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы жариялаған әлеуметтік бастамаларды осылай қолдаймыз»,- деді. Ал, былтыр «Самұрық-қазына» үш бірдей Оңалту орталығын ашуға сеп болды. Онда аз қамтылған отбасылардан шыққан 1600-ден астам бала тегін курстан өткен. Сондай-ақ, ауыл-аймақтарда спорт нысандарын салып, ондағы тұрғындардың білікті дәрігерлердің қарауынан өтуі үшін арнайы медициналық пойыздар жөнелтті.  

Ахметжан ЕСІМОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Өткен жылы қордың табысын 33 пайызға ұлғайтып, мемлекет бюджетіне 1 трлн теңге аудардық. Осындай нәтижелер әлеуметтік бағдарламаларды жалғастыруға да, Президент қойған тапсырмаларды іске асыруға да мүмкіндік береді.

Д. Қайыртай