Допингпен басы дауға қалған Полторанин Австриядан Мәскеуге ұшып кетті. Содан кейін Қазақстанмен байланысқа шықпаған. Бұл туралы бүгін брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Айтуынша, елшілер спортшыны қолдау үшін арнайы барып, қонақ үйде күткен. Бірақ, ол сөйлесуден бас тартқан. 27 ақпанда Австриядағы әлем чемпионатының жарыс жолына шығардан жарты сағат бұрын қазақстандық шаңғышы Алексей Полторонанин допинг қолданды деген күдікпен ұсталған еді.
Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
28 ақпан күні кешке ол Австрия полициясымен босатылып, Мюнхен арқылы Мәскеуге ұшып кетті. Бізбен байланысудан бас тартты. Қазіргі таңда ол қайда екенін білмейміз. Құқығы бұзылмау үшін біздің консул сол жаққа барып қайтты. Барынша қолғабыс көрсетілді. Бірақ, ол бізбен сұхбаттасудан бас тартты.
А. Сейфулла