Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда мүгедектерге арналған автомектеп ашылды

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2019
  • 2516

Қызылжарда мүгедектерге арналған автомектеп ашылды. Жас кәсіпкер Сәлімхан Сәбитовтің өзі де арбаға таңылған. Кембағал жанның бала күннен бергі арманын іске асыруға қайырымдылық қоры қолдау білдіріпті. Олар екі көлікті мүгедектерге ыңғайлы етіп қайта жабдықтау үшін 150 мың теңге қаражат бөлген. «Петропавлда темір тұлпардың құрылысын жетілдіретін компаниялар болмаған соң оны Ресейдің Челябі қаласында жасатуға тура келді»,- дейді кәсіпкер. Айта кету керек, мүгедектерге арналған еліміздегі тұңғыш автомектепте 13 адам білім алуға ниет білдірген.  

Сәлімхан СӘБИТОВ, «ТЕҢ ЖОЛ АВТОМЕКТЕБІ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: 

Бүгінгі күнде Петропавл қаласында 10776 мүгедек жан бар. Оның 839 адам өзім сияқты миы жақсы жұмыс істейді. Ал, қолы мен аяғында кішкене мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан, мен Челябі қаласына барып келіп, өзіңіз көріп отырғандай, ручной деталь орнаттым. Бұл қолмен ғана жұмыс істейтін деталь. Алға басам, газ, артқа тартсам, тормоз істеп тұр. Және сол балаларды оқыту үшін инструкторға арналған педаль орнатылды.

А. Құрманкин