Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұрақты тіркеуін өзге елге ауыстырған қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы жүз миллиард теңгеге жуық қаржысын кері қайтарып алған-БЖЗҚ

  • AstanaTV
  • 04 наурыз 2019
  • 3065

Соңғы үш жылда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары жүз миллард теңгеге жуық ақшасын кері қайтарып алған. Қор жазбаша ақпарат таратты. Оның тең жартысы 2000 жылдан бері елден көшіп кеткендер. Тек жинақ ақшасын алуға 2015 жылдан бастап қана өтініш жазыпты. Ал қалғандары, яғни, 80 мың салымшы тек былтыр ғана өтініш жіберген. 2015 жылы жинақ ақшасын алуға 17 мыңға жуық адам ниет білдіріпті. Ол кезде 15 миллиард теңгеге жуық қаражат кері қайтарылыпты. Одан кейінгі жылдары бұл көрсеткіш 5 миллиард теңгеге өсіп отырған. Ал, өткен жылы 23 мыңнан аса адамға 40 миллиард теңге қайтарылған. Ресми ақпаратқа сенсек, салымшылар Ресей, Германия және Беларусь мемлекеттеріне қоныс аударған. Бір қызығы соңғы жылдары елімізге қоныс аударушыларға қарағанда, шетел кетіп жатқандар қатары өсіп барады.  

О. Нұржақып