Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде лифтілердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Бірыңғай ұлттық стандартты заң жүзінде бекіту көзделіп отыр

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2019
  • 2434

Елде лифтілердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Бірыңғай ұлттық стандартты заң жүзінде бекіту көзделіп отыр. Стандарттың өзі былтыр желтоқсанның 25-де қолданысқа енген. Мұнда лифт шаруашылығын реттейтін 16 нормативтік техникалық құжаттағы талаптардың бәрі біріктірілді. Бірақ, оны сақтауға не жеткізушілер, не қызмет көрсетуші ұйымдар, не апаттық қызметтер мен диспетчерлер міндеттелмеген. Ал, «Азаматтық қорғау туралы» Заңда осы ұлттық стандартқа қайталама сілтеме жасалса, ол жаппай қолданысқа енбек.  

Евгений ЦХАЙ, ҚАЗАҚСТАН СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ: 

Қазір біздегі лифтілерге кімдер қызмет көрсетеді? Ешқандай біліктілігі жоқ жеке кәсіпкерлер. Олардың не монтаждаушыларының, не электриктерінің тиісті құжаттары бола бермейді. Мұнда қандай қауіпсіздік туралы айтуға болады? Ал, бірыңғай стандартта қызмет көрсетуші ұйымдарға қойылатын қатаң талаптар қарастырылған. Мүлік иелерінің де міндеттері жазылған.

Д. Қайыртай