Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанды жарнамалауға жылына 10 млн доллар бөлу керек

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2019
  • 3099

Туризимді дамытуға жергілікті тұрғындар құлық танытуы тиіс. Яғни, инфрақұрылыммен қатар кәсіпкерлік те дамуы керек. «Нұр Отан» партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес туризим тақырыбын талқыға салды. Биыл саланы қолдауға бағытталған Мемлекеттік бағдарлама қабылданады. Тисіті заң жобасы жуырда Мәжіліске жолданбақ. Қазір мүдделі тараптар құжатты жан-жақты пысықтауда. 2025 жылға дейін ТОП-10 жоба таңдалған. Ол елдегі белгілі туристік орындар. 2025 жылға дейін онда келетіндер санын жылына 13,5 млн-ға жеткізу көзделген.  

Павел КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРАЛМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Егер, жергілікті тұғандар ауылда, аудан орталықтарында киіз үй тігіп, жол көрсетіп, ас-ауқат беруге дайын болмаса, біз дамымаймыз. Жолдардың жетіспеуі де бізді құтқармайды. Кәсіпкерлік ғана салаға серпін бере алады.

Бір айта кетері, мемлекетті жарнамалауға Грузия 14 есе, Чехия 40 есе, Сауд Арабиясы 100 есе көп қаржы жұмсайды. Қазақстанды танытуға да жылына кем дегенде 10 млн доллар қаражат керек. «Әйтпесе, туризм ешқашан дамымайды»,- дейді сала жетекшілері. Олар бюджетке салмақ салмау үшін жарнамаға бөлінетін ақшаны табудың жолын ұсынды.

Майнюра МУРЗАМАДИЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАЙЫМЫ:

Ол үшін туристерге салық салуды ұсынамыз. Шет елде кең тараған «бедтакс» секілді. Еуропа мен Америкада отелге тоқтасаңыз «бедтакс» алады. Қазақстандық емес, шетелдік азаматтарға тоқтаған жер салық салады. Ол бюджеттен тыс қорға аударылады. Сол қаржы жарнамаға бөлінеді.

М. Дюсекина