Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы 35 елді мекен мен Алматыдағы 12 аумаққа қызылсудан қауіп бар – Ю. Ильин

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2019
  • 3387

Алматы облысындағы 35 елді-мекен мен Алматыдағы 12 аумаққа қазылсудан қауіп бар. Бұл туралы таулы аймақты тік ұшақпен бақылап қайтқан Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты. Бүгін мамандар мореналық көлдердің қазіргі жағдайы мен қар қалыңдығын тексерді. Себебі, синоптиктер алдағы айда күн күрт жылынып, су тасуы мүмкін екенін айтады. Юрий Ильин қауіпті аймақтар тізімінде тек Алматы облысы ғана емес, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан өңірлері де бар, деді. 

Юрий ИЛЬИН, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда мореналық көлдердің жағдайы бір қалыпты. Қардың қалыңдығы да нормаға сай. Бірақ төтеншеліктер қауіп жоқ деп тыныш жатпайды. Бақылау жұмыстары тоқтаусыз жалғасатын болады. Өйткені, еріген қар суының қаупі төніп тұрған Алматыда 12 учаске, ал облыста 35 елді мекен бар.

О. Нұржақып