Русский Сайттың толық нұсқасы

4 жыл бұрын баласын күтушіге тастап кеткен ана қайтып келді

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2019
  • 3772

Ақтөбеде тастанды бала анасымен қауышты. Осыдан төрт жыл бұрын бір жасар қызын күтушіге қалдырып, өзі ізім-ғайым жоғалып кеткен ана баласына қайтып келді. Бейімдеу орталығындағылар 5 жастағы Әсемгүл анасын жылы қабылдағанын айтады.  

Ақырыс ШӘГІРОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Анасы ата-аналық құқынан айырылмаған. Сондықтан, анасының заңды құқы бар. Оның үстіне бала отбасында туғандары мен бауырларының арасында өсуі керек. Әзірге бақылап қараймыз. Егер қайта бауыр басып, қабылдап жатса, Әсемгүл анасына беріледі.   

Еске салайық, Әсемгүл 4 жылдай бөтен отбасында өсті. Кейін қамқорлық бөлімі баланы бейімдеу орталығына алып, анасына іздеу жариялайды. Оның Астанада тұратыны белгілі болды. Тұрмысы қиындап, қызын бала күтушісіне қалдырған әйел күйбең тірлікпен балаға қайта баруға уақыт таппағанын айтып ақталған еді. Кішкентай Әсемгүлді осы күнге дейін баққан әйел қызды өз қамқорлығына алғысы келеді. Оны анасы Астанаға әкеткен жағдайда қамқорлық орындары бәрін бақылауда ұстамақ. 

Б. Рахметова