Русский Сайттың толық нұсқасы

Сәбидің 1 жасқа дейінгі күтімі үшін берілетін жәрдемақы анасы жұмысқа шыққан жағдайда да жалғасуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2019
  • 21760

Келесі жылдан бастап сәбидің 1 жасқа дейінгі күтімі үшін берілетін жәрдемақы анасы жұмысқа шыққан жағдайда да жалғасуы мүмкін. Тиісті министрлік бюджеттен қосымша қаражат сұрап, Мәжіліске шықты. Оған қоса бірқатар әлеуметтік төлемдер де өседі. Еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылығанда және жұмыссыз қалғанда берілетін төлемдерді 2020 жылға дейін орта есеппен 30 пайызға арттыру көзделген.   

Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: 

Ана мен баланы әлеуметтік қорғау саясатын ескере отырып жұмыспен қамту мәртебесіне бала бір жасқа толғанға дейін ең төменгі кепілдендірілген мөлшердегі, яғни, Республикалық бюджеттен төленетін деңгейдегі төлемді алу құқығына байланысты жаңа туылған баланы және олардың ата-аналарын қамтамасыз ету мақсатында алушы еңбек қызметін қайта қалпына келтірген жағдайда әлеуметтік төлемді жалғастыру ұсынылады.  

2020 жылы сәбидің 1 жасқа дейінгі күтімі үшін республикалық бюджеттен бөлінетін мемлекеттік жәрдемақы бір бала үшін 15 050 теңге, екі бала үшін 17 794, үш бала үшін 20 512, төрт және одан да көп бала үшін 23 255 теңгені құрайтын болады. Депутаттар алдына заң жобасын таныстыруға келген Светлана Жақыпова экс-басшысы Әбілқасымоваға жаңа қызметте сәттілік тіледі.  

Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: 

Менің бұрынғы басшым алдына қойылған кез келген міндетті орындай алады. Ол өте білікті, кәсібилігі жоғары адам. Я хочу чтобы у нее все получилось!  

Н. Біләл