Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Оtan» партиясының хатшысы Атырау облысы тұрғындарымен кездесті

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2019
  • 3009

Көпбалалы аналарға берілетін әлеуметтік көмек, баспана мен жер телімі. Атырау облысына жұмыс сапарымен барған «NUR OTAN» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашевтың қоғамдық қабылдауына келген тұрғындар осы мәселелерді көтерді. Өз кезегінде партия хатшысы XVIII съезде бастау алған «Құтты мекен» жобасын жан-жақты түсіндірді. Өйткені, жоба инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.   

Қаныбек ЖҰМАШЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Негізінен халықты толғандыратын мәселелер, әрине, берілетін әлеуметтік көмектер, олардың берілетін уақыты, берілетін көлемі. Көлемдерінің артатыны туралы ақпаратты олар, әрине, көңілдерінен шығып отыр, қуантып отыр. Сонымен қатар, елді мекендерде, ауылдық жерлерде көпбалалы отбасыларға байланысты тұрғын үй мәселесі, жер телімдерін бөлу мәселелері үй құрылысы үшін өзекті екендігін байқадық.

Ал Алматыда көпбалалы Жанар Түркпенбаева өз кәсібін ашуды армандайды. Жеті бала тәрбиелеп отырған отбасына қалалық мәслихат депутаты Ерболат Қасымов арнайы барды. Себебі, ол дәл осы жанұяны өз қамқорлығына алған. Әлеуметтік көмек, құжат, тіпті, заң тұрғынсынан қолдау білдірмек. Бұл отбасының балалары өнерлі. Олар әртүрлі аспаптарды меңгерген. Депутат балаларға қобыз сыйлады. Әрі өз алдына кәсіп ашуға қол ұшын созатынын жеткізді.  

Жанар ТҮРКПЕНБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: 

Жеке кәсібіміз болса, Үкіметтен пособие сұрап үйтпейтін едік. Бірақ, жеке кәсіп бастауға бізге көп кедергілер бар. Көпбалалы отбасылар табыс мөлшері аз болғаннан кейін банктер бізге сенбейді. Кредит бөлгісі келмейді. Ең қиыны сол.

Б. Нәдірқызы