Русский Сайттың толық нұсқасы

МХҚКО жұмысы ертең бір-ақ қалпына келеді

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2019
  • 7067

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы ертең бір-ақ қалпына келеді. Ішкі істер министрлігі осылай деп отыр. Бүгін елде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жүйе істен шығып, келушілер арасында дүрбелең туды. Қызмет көрсету техникалық ақауға байланысты тоқтап қалған. Осылайша, көлікті тіркеп, куәлік алуға келгендер тығырыққа тірелді. Ал ұзын-сонар кезекке тұрғандарға мән-жайды тірі жан түсіндірмеген.

Бақтияр ӘБИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  

Базаны сұрасам ,оны бүгін істемейді дейді. Точно. Ну точно дегенде бүгін кешке дейін істемейді деді. Ертең істей ма десем, ол да белгісіз деп жатыр. Кім біледі десем, ешкім білмейді. Жауап беретін адам жоқ бұл жерде.

Қазбек ӨТЕМІСОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу үшін келдік. Сағат 9-да келдік. Соны рәсімдеу үшін күтіп отырмыз.

Серік ТОҚБЕРГЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ|:  

Тоғыз жарымнан тұрмын осы жерде. Мәшінемді сатайын деген мақсатым. Содан келгенім. Әлі тұрмыз сағат міне 3 болды. Әлі хабар жоқ. Қашан болады? Қашан жібереді? Жүгіріп жүр әйтеуір по техническим причинам деп...

Астанада бір ғана мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Мұнда үнемі ұзын-сонар кезек деп тұрғындар жиі шағымданады. Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті сервисінде іркіліс болады деген ресми хабар таратқан. Жауаптылар техникалық ақау ертең жойылады деп отыр.  

Ақтоты БОРАНОВА, ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:  

Бұл техникалық ақаулар қазіргі таңда қалпына келтірілуде. Біз ертең азаннан бастап бұл мемлекеттік қызметтердің қайтадан іске қосылатынына сенімдіміз. Келтірілген келеңсіздіктер үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз. 

Н. Біләл