Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жеке секторды су басу қаупі бар

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2019
  • 2916

Ал Астанада күн жылыса, жеке секторды су басуы мүмкін. Есіл және Нұра өзендерінен қауіп жоқ. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды. Қазір шаһар арқылы ағатын Сарыбұлақ өзенінің арнасын кеңейтіп, тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін 2 млн 700 мыңнан астам текше метр қар қала сыртына шығарылыпты. Енді төтеншеліктер жер үй тұрғындарын ауладағы қарды тазалап, көшеге қарай тасуға шақырады.  

Марғұлан АМАНБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 

5 мыңға жуық жадынама тараттық. Әр үйдің адамы өзінің дворының қарын көшеге шығарса, коммуналдық ұйымдар қарды алып, тасып полигонға апарады. Астана қаласы бойынша 4 полигон бар. Сол жерге апарылады.

Д. Қайыртай