Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы шиеленіс аумағынан қырғыздар шығарылды

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2019
  • 9793

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы шиеленіс аумағынан қырғыздар шығарылды. Айсай және Көк тас ауылының 450-ден аса тұрғыны Баткен қаласына көшіріліп, лицейге орналастырылған. Бұл туралы Қырғыз үкіметі хабарлады. Вице-премьер-министр Жениш Разаков тәжік тарапымен келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді. Ол кеше басталған. Екі ел халқы арасындағы шиеленіс жол құрылысының басталуынан болған. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, кейін оқ та атылған. Тәжікстан 1 адамның қаза тапқанын мәлімдеді, ал Қырғыз тарапынан 3 адам зардап шеккен. Қырғызстанның шекара қызметі жағдай тұрақты десе, тәжіктер мұны жоққа шығарып отыр. Жағдайды талқылаған қос ел президенті халықты бейбітшілікке шақырды.  

Г. Меңдеева