Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясы Үкімет және әкімдіктермен бірлесе жұмыс істейді

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2019
  • 4170

Президент бастамасымен қолға алынған партия жобалары өзекті әлеуметтік мәселелерді қамтиды. Оларды ұлттық жоба деп те атауға болады. Мәулен Әшімбаев осылай дейді. Бүгін «Нұр Отан» партиясы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл - ел бесігі» және «Халыққа көмек» жобаларын талқылады. Бұл бағытта партия Үкімет және әкімдіктерімен бірлесе жұмыс жүргізеді.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Осы төрт жобаны ұлттық жобалар деп айтсақ та артық болмайтын шығар. Өйткені, олар өте үлкен, өте маңызды, өте өзекті мәселелердің барлығын қамтиды. Әлеуметтік мәселелерді, көпбалалы ата-аналарды, отбасыларды қолдау мәселелерін, сондай-ақ көмекке мұқтаж азаматтарды да қолдау мәселелерін қамтиды.

Ал «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарлама бойынша арнайы жұмыс топтары құрылды. Оған сәйкес 10 бағыт бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген соң аймақтарда іске аса бастайды.  

Д. Қайыртай