Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл жұмыссыз жастарға кәсіп ашу үшін жарты миллион теңге беріледі

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2019
  • 18769

Биыл жұмыссыз жастарға кәсіп ашу үшін жарты миллион теңге беріледі. Бұл туралы «Жастар жылына» бағытталған Жол картасын таныстыру кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің өкілі айтты. Аталған қаржы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін беріледі. 2019 жылы 10 мың грант бөлініп отыр. Осылайша, NEET санатындағы жастарды қолдау көзделіп отыр. Бұл қазіргі уақытта жұмыссыз және білімі жоқ 300 мың жасқа бағытталған жоба. Қаржыны әкімдіктерде арнайы құрылған коммисия бөлетін болады. Олардың қатарында шенділер, үкіметтік емес ұйымдар, «Даму» қоры және ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары бар. Қайтарымсыз гранттарды алудың нақты ережелері екі ай көлемінде бекітіледі.      

Асхат ОРАЛОВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 

Біздің ауылдарда өте талантты жастар баршылық. Мысалы, ағаш, темір ұсталары, дәнекерлеушілер көп. Олар көп жағдайда бизнесті қалай жүргізу керектігін біле бермейді. Біз оларды «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы оқытып, жеке кәсіпкер ретінде қалай тіркеліп, жұмыс жасауды үйретеміз. 500 мың теңгеге дейін қаржыға құрал-жабдық сатып алып, бизнесті дамытуын қадағалаймыз. Әрине, қаржыны кез-келген адамға бере салмаймыз. Ол арнайы комиссия шешімімен бөлінеді.                                                                                                                                 

Н. Біләл