Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде жылына 2%-бен жеңілдетілген несие беру үшін 150 млрд теңге бөлінеді

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2019
  • 4819

Елде жылына 2%-бен жеңілдетілген несие беру үшін 150 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы мәлімдеді. Бүгін министрлер Бердібек Сапарбаев, Күләш Шәмшиддинова және Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева Астанадағы көпбалалы отбасыларды қабылдады. Баспанасыз халыққа ипотекамен барлығы 56 мың пәтер берілмек. Мәселен, жеңілдетілген несиемен 12 млн теңгеге пәтер алу үшін бастапқы 8 жыл айына 63 мың теңге, қалған жылдары 44 мың теңге төлейсіз. Отбасылық табыс 88 450 теңгеден кем болмауы тиіс. Ал мүмкіндігі шектеулі баласы барлар бастапқы жарнасыз үй беруді сұрайды.  

Ботагөз СҰЛТАНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Мен жәрдемақыдан бір тиын да үнемдеп, алып қала алмаймын. Өйткені, ақшамның басым бөлігі жалдамалы пәтерге кетеді. Біз секілді 400-ге жуық отбасы бар. Сондықтан бастапқы жарнасыз үй берілсін. Немесе кейін сатып алуға болатын жалдамалы пәтерлер берілуін сұраймыз.

Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үйге арнайы кезек жасалмақ. Оны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарастырып жатыр.  

А. Бектас