Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысындағы Тораңғылық ауылының тұрғындары ауыз суды Балқаш көлінен ішуге мәжбүр

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2019
  • 5847

Қарағанды облысындағы Тораңғылық ауылының тұрғындары ауыз судан тарығып келеді. Оларға 25 шақырым жерде жатқан Балқаш қаласынан көлікпен су әкеледі. Литрін 3 теңгеден сатады. Ол келмей қалса, суды Балқаш көлінен алуға мәжбүр. Ал жазда жұрт шомылғанда көлдің суын пайдалану мүмкін емес деп отыр.  

Надежда ИЛЬЮТА, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ ТОРАҢҒЫЛЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көлден сиырлар да, біз де су ішеміз. Су тасығыш көлік кейде келеді, кейде жоқ. Бөшкеге құйып кетеді суды. Ол таза ма, жоқ па кім білсін?  

Гүлжан МҰХТАРХАН, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ ТОРАҢҒЫЛЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Суды 25 шақырымнан водовоз әкеліп құяды. Күтеміз апта сайын. Өткенде 16-17 ақпанда құйды. Оған дейін водовозымыз бұзылып тұрды. Кеше ғана кеп құйды. Литрін 3 теңгеден аламыз .

Ауыл халқының айтуынша, бұл мәселе 1998 жылдан бері шешілмей келеді. 2011 жылы ғана сең қозғалып, Балқаш көлінің жағасына 11 млн теңгеге суды тазартатын және тұндыратын қондырғылар қойылған. Ал 2017 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен ауылға ауыз су желісін тарту құрылысына 119 млн теңгеден астам қаржы бөлініпті. Алайда құбырлар тартылғанмен, үйлерге бір тамшы да су жетпеген. Шенеуніктер енді тазарту қондырғысының күші жетпейтінін алға тартып отыр. Олар жоғары қысыммен көлден су тартатын насостар орнатуға тағы да қаржы керек деп отыр.  

Қалыбек АДАМБАЕВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ ТОРАҢҒЫЛЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Су қондырғысы көл суын тазалап, оны халыққа беруі керек. Оның біраз жұмыстары бар. Башнямыз төменгі жақта. Поселоктардың көбі 10 метр жоғарыда тұрады. Енді ол халыққа жіберу үшін бәленше киловатт насостар болу керек қой. Оның бәрі ақшаға келіп тіреледі.

А. Қуаш