Русский Сайттың толық нұсқасы

«НАУРЫЗ CHALLENGE» акциясының арасында бірнеше отбасына нақты көмек жетті

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2019
  • 3114

«Nur Otan» партиясының «Наурыз Challenge» акциясы бүгін де жалғасын тапты. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Алматыда тұратын 8 баласы бар жалғызбасты анаға азық-түлік пен күнделікті балаларға қажетті тұрмыстық заттар жеткізілді. Мейрамгүл Бұқарбаеваның әскери қызметте жүрген күйеуі осыдан екі жыл бұрын қаза тапқан. Жолдасы өмірден өткен соң балаларымен әскерилерге арналған жатақханада күнелтіп жүр. Балалардың жәрдемақысына күн көріп жүрген отбасын нұротандықтар өз қамқорлықтарына алған. Қаржылық көмектен тыс мейрам қарсаңында балалар да сыйлыққа кенелді. 

Болат ОСПАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Мына шағын отбасылық жатақханада тұрады. Ноутбук бар, қуыршақтарымыз бар. Ең үлкені 15-те, ең кішісі 4-5 жаста. Сосын, әрине, азық-түліктеріміз бар. Біз бұл отбасымызбен қарым-қатынасты үзбейміз. Қолдан келгенше көмекті аямаймыз.

Сондай-ақ, 4 баланың анасы павлодарлық Елена Кукурузаға да партия мүшелері көмек қолын созды. Отбасының біреудің баспанасын жалдап тұрады. Жолдасы жергілікті көлік жуу бекеттерінің бірінде жұмыс істейді. Тапқаны үйді жалдауға әзер жететіндігін айтуда. Балаларының үлкені мектепке барса, кішісі енді 1-ге толады. Отбасы жақында партияның қоғамдық қабылдауына көмек сұраған.    

Аурика ДЯК, ПАВЛОДАР ҚАЛЫЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Біз бүгін отбасына алғашқы қадам жасап, көмек көрсеттік. Алдағы уақытта отбасы өздері еңбек етіп, балаларын асырауы үшін жұмыс жағын қарастырамыз. Өйткені, ата-анасы баласына еңбек етудің үлгісін көрсетуі керек. Бұл ретте, балалар да ата-ананың қалай еңбек жасап жүргенін көруі тиіс деп ойлаймын.

Ө. Қуанар