Русский Сайттың толық нұсқасы

Саяси реформадан соң «Nur Otan» партиясының жобалары тың серпін алмақ

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2019
  • 2602

Саяси реформадан соң «Nur Otan» партиясының жобалары тың серпін алмақ. Партияның аймақтағы мүшелері осындай пікірде. Олар Елбасының «Nur Otan» партиясының 18-сезінде жарияланған жобаларын жаңа қарқынмен жүзеге асыруды көздеп отыр.  

Артур МОЛДАҒҰЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бізбен қалғаны қуантады. Қазір біз 18-съезде жүктелген міндеттерді орындауда атсалысып жатырмыз. Мәселен, «Ауыл-ел бесігі» жобасын қарқынды іске асырып келеміз. Жас мамандарды жұмысқа орналастырып, баспана және жәрдемақымен қамтамасыз етіп жатырмыз. Елді мекендердің әлеуметтік ахуалы да партияның басты назарында болмақ.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Кешегі өткен съезде айтылған мәселелерінің барлығы «Нұр Отан» партиясының бақылауында. Атап айтсақ, бірыңғай әлеуметтік терезе бізде өте қарқынды жұмыс істеп жатыр деуге болады. 1 айдың ішінде 1,5 мыңнан аса азаматты қабылдап үлгердік. Оның 857-сі көпбалалы ана.

Серік СҮЛЕЙМЕН, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлер салып жатқан тұрғын үйлердің саны да жеткілікті. Егер де осы пайызбен алам дейтін жанұялар болса, оларды қамту мүмкіндіктері Батыс Қазақстан облысында жетеді. Жалпы айтқанда аз қамтылған отбасылардың жәрдемақы, тұрғын үй мәселесін шешуге бүгінгі таңда біздің облыстың барлық мүмкіндігі бар. Сондықтан біз бұл мәселені көп алысқа апармай шешеміз деп ойлаймыз.

А. Құрманкин