Русский Сайттың толық нұсқасы

Білім саласындағы шикіліктер Оңтүстік Қазақстандағы Қошқар Ата ауылында шешімін табар емес

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2017
  • 3152

Білім саласындағы шикіліктер Оңтүстік Қазақстандағы Қошқар Ата ауылында да шешімін табар емес. Ауыл халқының балаларға беріліп жатқан білім сапасына көңілі толмайтыны жайлы бұған дейін хабарлаған едік. "Мұғалімдер мектепке қалаған уақытында келеді. Көлігі бары жұмысты жайына қалдырып, жолаушы тасып жүреді" деген тұрғындар бірталай келеңсіздіктерді жеткізген. «Аудан мен ауыл атқамінерлеріне бірнеше рет айтқанымызбен, нәтиже жоқ»,- деп қынжылған еді. Осы хабардан соң аудан әкімі ауылға арнайы келіп жиналыс ұйымдастырады. Бірақ бұл басқосуға мұғалімдердің ісіне көңілі толмай, шағым айтқан адамдар шақыртылмаған. Халық "балаларымыз сапалы білім алса дегеннен өзге ниетіміз жоқ" деп отыр.

Әсем Құлмаханова, ауыл тұрғыны:

Ауданның өзінен алпыс шақырымды ауылда тұрамыз, ол өз өзіміз қолдап, өз өзіміз шындықты айтпасақ, олардың кем кетістігін айтпасақ, бізге сырттан келіп кім айтады? Бізге кім тәрбиелеп, кім жақсы нәрсені көрсете алады? Өзімізді өзіміз көрсете алмасақ.

Дүйсенәлі Нұрбеков, ауыл тұрғыны:

Дәрежелері мұғалімдердің дипломдарын тексеру керек. Қай кезде, қай жерде оқып алды? Бірақ бәрі жақсы болса екен деймін.

Мұнымен келіспеген мектеп басшысы бірнеше тұрғынның үстінен сотқа арызданған. Оның шағымы бойынша сот алдағы күндерге белгіленген. Алайда ауылдың кейбір тұрғындары мәселенің ушыққанын қаламайды. Біз осы мәселеге қатысты аудан әкімі Бахытбек Танагөзовпен телефон арқылы хабарласып мән-жайды білуге тырыстық. Әкімнің айутынша, тұрғындар келтірген фактілер әзірге расталмаған көрінеді. 

Бахытбек Танагөзов, Бәйдібек ауданының әкімі:

Олардың бәрі отказ беріп шықты ғой ойларынан. Айтқан әңгімесінің бәріне сол жерде тоқтам салдық. Руға бөлінбеңдер, басқаға деген әңгімелер біз оны айттық қой жиналыста. Осындай бөлінуге болмайды, елдің арасына іріткі салуға болмайды деп.