Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақша айырбастау бекеттеріндегі спекуляцияға жол бермеу керек-Президент

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2019
  • 3517

Ақша айырбастау бекеттеріндегі спекуляцияға жол бермеу керек. Президент осындай пәрмен берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Мемлекеттік хатшы, Үкімет басшысы, Ұлттық банк төрағасы мен Қорғаныс және ішкі істер министрін жеке-жеке қабылдаған еді. Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа төмен инфляцияны ұстап, валюта нарығы мен банк секторындағы жағдайды бақылауда жүктеді. Ал Үкімет басшысы Асқар Маминге жаңа бастамаларды соңына дейін жеткізу үшін бақылауды күшейтіп, бюджеттен бөлінетін қаражатты тиімді жұмсауды тапсырды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар құнының негізсіз өсуіне жол бермеуіне пәрмен берді.  

Н. Біләл