Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары елордаға «Нұр-Сұлтан» атауын беруді қолдайды. Олар өзіндік пікірін мереке қарсаңында «Наурыз - Бірлік - Елбасы» деген атпен флешмоб өткізу арқылы жеткізді. Онда 50-ге жуық әр ұлттың жастары бір мезетте ән шырқап, би билеп, Елбасыға деген алғыстарын жеткізді.
- Астана қаласының жаңа есімі «Нұр-Сұлтан» болуы қазақ елі үшін үлкен мәртебе.
- Керемет есім. Неге ұнамасқа? Барша халық қолдаймыз деген үміттеміз. Біз Елбасымызды қолдаймыз.
- Көргенге, жазғанға, естігенге болады. Елбасымыз не айтады, соны қолдаймыз біз. - Қазақстан Республикасы, Нұрсұлтан қаласының тумасымыз.
Ә. Өмірзақ