Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясы Елбасының саясатын жалғастырудың кепілгері – М. Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 22 наурыз 2019
  • 3305

«Nur Otan» Тұңғыш Президенттің саясатын жалғастырудың кепілгері. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осылай деді. Елбасы Президенттік өкілеттігін тоқтатқанымен, елдегі жетекші саяси ұйымның көшбасшысы болып қала береді. Алда «нұротандықтар» халықтың әл-ауқатын көтеріп, тұрмысын жақсарту бағытында бірқатар міндеттерді атқарады. Партияның төрт жобасы мен 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы осы саланы дамытуға арналған.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанымен, Ұлт көшбасшысы болып қала береді. Оның есімі Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылады. Ол - абыройлы тұлға. Біздің Елбасыға деген құрметіміз бен ризашылығымыз сол - оның осы уақытқа дейін жүргізген саясатын сақтау болмақ. Партия Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бағдарының әрі қарай жалғасуына кепілгер болады.

Д. Қайыртай