Русский Сайттың толық нұсқасы

Апатқа ұшыраған автобуста болған тағы бір жолаушы хал үстінде

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2019
  • 4347

Апатқа ұшыраған автобуста болған тағы бір жолаушы хал үстінде. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы хабарлайды. Сондай-ақ, 3 адамға ота жасалған. Зардап шеккендер арасында 36 жастағы Филиппин азаматы да бар. Еске салсақ, бүгін таңертең астананың қақ ортасында жолаушыларға лық толы үш автобус соқтығысты. Сол жерде екі адам тіл тартпай кеткен. 30-дан аса жолаушы жараланған. Жантүршігерлік апаттың жай-жапсарымен Әшілер Өмірзақ бөліседі.  

Только что ели выжил в аварии, чудом выжил. Вот в этом автобусе ехал я. Вот там вот сидел. Тут женщину смяло прям. Вот это все на нее навалилось. Тут водитель был, скорее всего не выжил.  

Иә, өкінішке орай, қатты соққыдан олар тірі қалмады. Автобус жүргізушісі Абай Оспанов 53 жаста болған. Артында төрт баласы қалды. Үлкені-17 жаста. Сондай-ақ, 26 жастағы жолаушы Айзат Нұрекенова да автобуста бақилық болды. Жалғызбасты ананың бір баласы бар.  

«Сергек» камераларына түскен видеода апаттың қалай болғаны анық көрініп тұр. Бірінші қала сыртындағы тұрғындарды таситын 301-маршрут пен 12-автобус соқтығысқан. Салдарынан алты көлік талқан болды. Үш автобус. Екі жеңіл машина және жедел жәрдем көлігі.  

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:  

Соқтығысқан автобустар арасында бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған мына жедел жәрдем көлігі де болған. Көріп тұрғандарыңыздай, көліктің алдыңғы жағы өте қатты зардап шеккен. Ал көлік жүргізушісінің жанында отырған фелдьшер мына алдыңғы әйнекке басын соққан. Қазіргі жағдайда екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Құралай САДЫҚОВА, КУӘГЕР: 

Рядом скорый был. Мен скорыйға ближе келмедім. Потому что мне надо было в ту сторону. И в тот момент удар болды. Мен бордюрге шықтым. Рульға головой ударился. Отвезли в больницу... Я отказной написала, потому что у меня дома грудной ребенок.

Оқиға орнына дереу жеткен Ішкі істер департаментінің өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып кеткенін айтты. Апат себебін анықтау үшін бірнеше сараптама жұмыстары тағайындалды.  

Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Екі және одан да көп адамдардың өліміне әкеп соққан бап бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталып, осы тергеу аясында бірнеше сот сараптамалар тағайындалады. Оның ішінде сот медициналық сараптама және автотехникалық сараптама.

Ал «Аstana LRT» мамандары рейске шығар алдында күнделікті тексеріс болатынын айтады. Онда жүргізушінің денсаулығы және техника жағдайын жіті қараймыз деп отыр. 

Бекмырза ИГЕНБЕРДИНОВ, «ASTANA LRT» БАСШЫСЫ:  

Өтемақыға келсек, әрбір автобус паркі жолаушылар мен жүкті тұтас сақтандырады. Қазір өтемақы көлемін айта алмаймын. Ең алдымен, медициналық сараптама жүргізілуі тиіс. Соның нәтижесі бойынша, сақтандыру компаниясына хабарласып, шығын көлемін хабарлаймыз және өтемақы көлемі белгіленеді. Апаттан көз жұмғандардың отбасыларна қажетті көмек көрсетеміз.

Таңертең жұмыс алды қарбалас кезінде автобустар лық толатыны белгілі. Ондайда қауіпсіздік бірінші кезекте ескерілуі керек. Айдың күннің аманында болған қайғылы оқиға шаһарда қоғамдық көлік тапшылығы мен жол кептелісі проблемалары барын аңғартса керек.  

Ә. Өмірзақ