Русский Сайттың толық нұсқасы

Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесі және «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып қалатыны осы саяси институттардың рөлін одан әрі күшейте түседі-М. Әшімаев

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2019
  • 2911

Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесі және «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып қалатыны осы саяси институттардың рөлін одан әрі күшейте түседі. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осылай деп мәлімдеді. «Nur Otan Trends» алаңында «Қазақстан саясатының жаңа келбеті» тақырыбы талқыға түсті. Онда сарапшылар қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға қатысты басымдықтар мен жаңа талаптар жайын талқылады. Партия ел бірлігін сақтап, Нұрсұлтан Назарбаевтың жолын жалғаудағы жауапкершілік арта түскеніне назар аударды. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Елбасының аталған құрылымдардың төрағасы болып қалуы бұл институттардың жауапкершілігін арттыра түседі. «Nur Otan» партиясы осы жауапкершілікті сезіне отырып, еліміздегі барлық саяси күшпен әріптестік орнатуға дайын. Біз әр тараптың ұстанымына құрметпен қарап, елдік мүдде жолында бірлесіп жұмыс істеу үшін өзіміздің барлық алаңдарымызды пайдалануға дайынбыз. Қажет болса, жаңа алаңдарды да іске қосамыз. Біздің басты мақсатымыз - Елбасының экономикалық, саяси, әлеуметтік саладағы жаңғыру бағытын жүзеге асырудың тиімді тетіктерін пысықтау. Сондықтан партиямыз барлық мүдделі топпен жұмыс істеуге дайын.

Н. Біләл