Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің сыртқы қарызы 161,5 млрд долларға жетті

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2019
  • 5573

Еліміздің сыртқы қарызы 161,5 млрд долларға жетті. Бұл былтыр 1 қазандағы көрсеткіш. Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанның сыртқы қарызы 2017 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға, яғни, 7 жарым млрд долларға азайған. Ең көп қарыз Нидерланд мемлекетіне ол 49 млрд доллар, одан кейін Ұлыбританияға - 21 млрдтан астам, ал АҚШ-қа 12,3 млрд доллар берешегі бар. Дегенмен, сыртқы қарыздың кемігені жайлы да айту керек. Мысалы, Қытайға қарыз 300 млн долларға, ал Францияға 200 млн долларға қысқарған. Ал Халықаралық ұйымдарға берешек 200 млн долларға кеміді. Қарыз артқан елдер де бар Ресейге 300 млн доллар, Бермуд аралдарынан 100 млн доллар қосымша ақша алынған. Қаржының басым бөлігі Фирмааларалық қарыздар. Ал мемлекеттік басқару секторына 10,6 млрд доллар жұмсалса, Банктерге - 6 млрд долларға жуық қарыз алынған. Өзге сектор мен Ұлттық банк міндеттемелеріне бағытталған қаражат құны $775 млн доллар. Дерек көзі «lsm.kz» сараптамалық порталы. 

Н. Біләл