Русский Сайттың толық нұсқасы

Жайық өзенінен ауланатын балық көлемін азайту керек-Балықшы ардагер

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2019
  • 3872

Қырылған балықтың орнын толтыру үшін, Жайықққа ау салатын шаруашылықтарға шектеу енгізу керек. Атыраулық балық шаруашылығы ардагерлері шенеуніктерге осындай ұсыныс тастады.  

Бостан СҮЛЕЙМЕНОВ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ АРДАГЕРІ: 

Бұның орнын толтыру үшін 3-5 жылдай уақыт керек. Сондықтан бірінші мәселе, биыл лимитті азайту керек. Екінші мәселе балықтың көбеюі жастарына байланысты. Бір жылдық, екі жылдық. Сол уақ балық көктемде тар аумен тартады. Бұл тар ауменен болашақта өсетін балықты құртып аламыз. Сондықтан тар аумен аулауды шұғыл түрде тоқтату керек.

Биыл Жайық өзенінен 4 мың 593 тонна балық аулауға рұқсат берілген. Аймақта болған жағдайдан соң лимит көлемі азайтылмапты. Қоғам белсенділері балық қырғыны басталғалы 4 ай өтсе де кінәлі табылмағанына алаңдаушылық білдірді. Естеріңізге салайық, желтоқсан айынан бері күні бүгінге дейін 118 тонна 533 келі балық өліп қалды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, келген шығын 439 млн теңгеге жуықтайды. Қазір осы дерек бойынша екі қылмыстық іс тергелуде. 

Б. Нәдірқызы